Поддержка

Өтінімдерді қабылдау ережелері

1
Өтінімдерді қабылдау уақыты 09:00-ден 14:00-ге дейін. Егер өтінім кеш қабылданса,
курьер өтінім берілген күні немесе келесі күні келуі мүмкін.
2
Курьер клиенттен жөнелтілімді тапсыруды 10 минуттан артық күтпейді.
3
Егер жөнелтілім күмән тудырса, курьер оның ішіндегісін тексеруге құқылы.
4
Жүкқұжатты жөнелтуші толтырады. Жүкқұжатты курьердің толтыруына тыйым салынады!
5
Қаптама сипаты ішіндегі заттың сипатына сәйкес болуы керек: сынғыш жөнелтілімдер немесе
арнайы тасымалдау шарттары бар жөнелтілімдер туралы өтінім берген кезде хабарлау қажет.
6
Курьердің келу уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін.
7
Қазақстан бойынша жүкті тасымалдауға өтінім рәсімдеу кезінде операторға жөнелтілімнің сипаты
мен қаптама сипатын міндетті түрде хабарлау қажет, себебі Қазақстан бойынша жіберуге тыйым салынған
жүктер тізімі бар (бұл тізіммен www.spdex.kz сайтында танысуға болады).
8
Жүкқұжатта алушының дұрыс деректерін көрсету міндетті, телефон нөмірін көрсету міндетті.